• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2018

«Жастар жылы» – біз үшін үлкен мәртебе - Данияр Сүндетбаев

2469 рет
көрсетілді

Осыған дейінгі Елбасының қай жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөліп келген. Бүгінгі Жолдауда да жастар мәселесі ескерусіз қалмады. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіліп, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе!

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа жолдауы xалық тарапынан өзгеше қолдауға ие болғаны сөзсіз. Себебі бұл жолғы көтерілген мәселелер де Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың қарапайым өз ауласында спортпен шұғылдануынан бастап қауіпсіздігіне дейінгі сұрақтарды қамтыды.

Бюджеттік қызметкерлер мен ұстаздарымызға арналған бастамалар бүгінгі қоғамға қажетті өзгерістердің бірі де бірегейі, бұл тапсырмаларды Елбасы жеке назарына алды. «Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!» - деп, Елбасының дәйексөзін келтіргім келеді. Себебі, ұлт арасында еңбекқорлықты дәріптеу маңызды. Қоғамның әр азаматы өз жұмысын еліміздің дамуына апарар маңызды істің бөлігі деп білсе, зайырлы мемлекет ретінде көздеген мақсаттарымыз алыс емес. Елбасының халыққа жолдауы – тәлімгердің оқушыға деген ақылы, жаттықтырушының спортшыға деген бағыты, әкенің баласына өсиеті. Яғни, Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу алгоритмі жолдауда анық көрсетілген, бастысы – оны дұрыс орындау.   

Елбасының жастарды ерекше атап өтуі, жастардың бойында жауапкершілікті арттырады. Жауапкершілікті алу — діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді. Жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктер үшін алғыс білдіреміз!

Данияр Сүндетбаев,

«Жас Отан» Жастар қанатының Төрағасы